Татар имамдарының арасында жаңа тренд пайда болды (видео)
Татар имамдарының арасында жаңа тренд пайда болды (видео)
6 жыл бұрын 2945 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Татарстан имамдары соңғы уақытта қолдары бос уақытта спортпен шұғылданып, түрлі жаттығуға қатысып жүр. Оның ішінде, жапондардың джиу-джитсу қоян-қолтық ұрыс өнеріне ден қойған. Бұл игі бастамаға Татарстан мүфтиі Кәміл Самигүлдің өзі мұрындық болып отыр. Ол өткен жылдың мамыр айында жекпе-жектің осынау түрінен жеңіске жетіп, белбеу тағынған еді. Ежелгі самурайлардың ұрыс өнеріне жататын күншығыс елінің бұл спорт түрі, мүфтидің сөзіне қарағанда, адамның сергек жүруіне көп көмектеседі. Сондай-ақ, ол күрес өнерімен айналысқан татарлардың танымал тұлғасы, дінтанушы, ағартушы ғалымы Шиқабұддин Маржаниді үлгі етті. Оның 200 жылдығына орай джиу-джитсуден бүкіл ресейлік  жарыс өткізуге бел байлап отырғандарын жеткізді. Ақпан айының 24-і күні өтуі тиіс айтулы шарада жеңімпаздар қажылыққа жолдама ұтып алады. Медресе шәкірттері де күрестен жаттығуға қатысып жүр.

0 пікір
Мұрағат