АҚШ әскерилері әйелдердің жанын түсіну үшін биік өкшемен сапта жүрді (фото)
|
АҚШ-тың Аризона штатындағы университет курсанттарына Бір мильді туфлимен жүріп өту бұйрығы берілді деп жазды fullpicture.ru сайты.
АҚШ армиясының генералы осылайша сұлулық үшін шыдамдылық танытатын әйелдерге жігіттердің сыйластығын арттырмақшы болған.
Әйелдің туфлиін киюден бас тартқан курсанттарға төмен баға қойылып, алдағы уақытта қолдау көрсетілмейді делінген.
Мұндай “міндеттеме” кей курсанттардың наразылығын тудырды.
Олар әлеуметтік желілерде ызалы екендерін жеткізіп, осылайша БАҚ-та пікірлер легін тудырған.
Көпшілік бұлайша еріктерінен тыс бұйрықты орындаттыру әйелдердің жанын түсінуге септік бола қоюы екіталай деген пікірлер қалдыруда.
Ал кейбір пікір қалдырушылар “Қысқа юбка ғана жетпей тұр” деп әзілге басыпты.
(Фото: Temple University Army ROTC)
Сайқымазақ.