Ғаламтордағы бүкіл материалды басып шығару үшін қанша қағаз керек екені анықталды
Ғаламтордағы бүкіл материалды басып шығару үшін қанша қағаз керек екені анықталды
9 жыл бұрын 4281

Британияның Лестер университетінің бір топ студенті ғаламтордағы  бүкіл материалды басып шығару үшін қанша қағаз керек екенін және ол үшін қанша ағаш қажет екенін анықтады. Студенттер алдымен «жасырын ғаламтор» деп аталатын, ондағы материалдарға қол жеткізудің қиындығын ескере отырып, іздестіру арқылы оңай тауып алуға болатын «көрінетін» ғаламтордағы веб-сайттардағы беттердің орташа статистикалық есебін жүргізген екен. «Ашық желідегі» веб-сайт ретінде «Уикипедияны» алған. Онда шамамен орташа статистикалық ақпараттық мақала A4 форматы бойынша 15 бетке дейін орын алады. «Уикипедиядағы» барлық бетті басып шығару үшін шамамен 71 млн парақ қажет көрінеді. Желідегі шамамен 4,54 млрд беттің барын (ашық ғаламтордағысы)  әрі бір ағаштан 8500-ге жуық парақ алуға болатынын ескере отырып, ғаламтордағы бүкіл материалды басып шығару үшін 8 011 765 ағаш пен 68 100 002 500 парақтың қажет екенін анықтады студенттер.  Десе де, студенттер бұл есептің шартты (бір мақала – 15 бет) екенін айтып отыр. Сол себепті, олар бұл нәтижені екі есеге көбейткен. Нәтижесінде 136 млрд парақ шыққан. Қайталап айтайық, ақпаратына қол жеткізу оңай емес немесе жабық болып келетін анонимді интернет материалдары бұл арада есепке алынған жоқ. 

0 пікір
Мұрағат