|
Ақса мешітін қорғау кезінде 100-ден аса палестиналық жарақат алды (ФОТО)
|
Израилдік полиция палестиналық мұсылман әйелдің басындағы шариғат шәлісін күштеп шешіп жатыр
Жексенбіде Ақса мешітінде палестиналықтар мен Израил полициясы арасында тағы да қақтығыс орын алды. Полициямен бірге еврей келімсектері де палестиналықтарға тап берген. Осы қақтығыстың нәтижесінде жүзден аса палестиналық түрлі деңгейде жарақат алды. Бұған изарилдіктердің Ақса мешітіне палестиналық мұсылмандарды бесін намазы кіргенше жібермейтіні себеп болған. Израил билігі Ақса мешітін мұсылмандар мен еврейлер үшін екіге бөлуді көздейді. Израил билігі Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласында орын тепкен Ибрагим мешітін де осылайша екіге бөліп тастаған болатын. Негізінде бұл жолғы қақтығысқа Израилдің ауыл шаруашылық министрінің Ақса мешітіне келуі түрткі болды. Онымен қоса тәртіп сақшыларын жанына ерткен жүзден аса еврей келімсектерінің келгені де палестиналықтардың ашу-ызасын тудырды. Осы қақтығыс кезінде израилдік полиция көзден жас ағызатын газ, шу тудыратын граната, дубинка қолданған.














