Ақ үйде алғаш рет трансгендер қызметке тұрды
Ақ үйде алғаш рет трансгендер қызметке тұрды
9 жыл бұрын 3375

Ақ үйде алғаш рет трансгендер қызметке тұрды. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұл өз кезегінде Ақ үйдің саясатының бір тармағына айналмақ. Яғни, сексуалды азшылықтың құқығын қорғаған болып, мұндай арсыздыққа тыйым салған елдерге тізесін батыруы мүмкін. Өз мүддесі үшін. Бұған жуырда АҚШ-та қабылданған, сексуалды азшылықты құрайтындар құқығын қорғайтын заң өз ықпалын тигізді. Нақтырақ айтқанда, Ақ үй өзін «трансгендермін» деп ешкімнен қысылмай жариялағанРаффи Фридман-Горспенді қызметке алды. Бұл жайында Reuters ақпарат көзі хабар таратты. Раффи Фридман-Горспен президенттің кадрлар басқармасында персоналдарды іріктеу жөніндегі директоры болып тағайындалды. Ол бұрын трансгендердің теңдігі үшін ұлттық орталықтың жанында кеңесші қызметін атқарған болатын. Оның Ақ үйдегі жауапты қызметке тұруын трансгендер қозғалысының өкілі ЛГБТ-қауымдастығы үшін маңызы зор қадам ретінде бағалап отыр. Сөз арасында айта кетейік. Осы айдың бас кезінде Алматы қалалық соты жынысын ауыстырғаннан кейін қызметінен шеттетілген полиция қызметкерінің аппелациялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Алматы полициясының өкілі сот отырысы кезінде өз қызметкерін жынысын ауыстырғаны үшін емес, оны «ойсыз әрекеттерге бейім тұратыны үшін, ашу-ызаға тез ерік беретіні үшін, жанжал шығаруға дайын тұратыны үшін, сабыр сақтамайтындығы үшін, т.б. жағымсыз мінезі үшін» қызметінен шеттеткенін жайып салған еді. Ал тарнсгендердің қорғаушысы Мадина Аимбетованың айтуынша, қуынушы тарап кассациялық шағым түсіріп, керек болса, халықаралық инстанцияға дейін шағымданбақ. 

0 пікір
Мұрағат