Аптап ыстық орнайтын араб қаласында «жылу аралының әсері» қолданылады
Аптап ыстық орнайтын араб қаласында «жылу аралының әсері» қолданылады
7 ай бұрын 735 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасыл желекке малынған саябақтар мегаполистердегі температураны төмендетуде шешуші рөл атқарады, дәлірегі, ірі қаладағы ауаны 2,2 ° C-қа салқындата алады. Әбу-Дабидегі Мұхамед бен Заид жасанды зерде университеті (MBZUAI) мен америкалық IBM технологиялық компания бірігіп жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ондаған жылдар бойы спутниктік деректерді талдау үшін жасанды зерде технологиясы пайдаланылды. Нәтижесінде қалалық өсімдіктер мен су айдындары жылу аралының әсеріне айтарлықтай қарсы тұра алатыны анықталды. Жылу аралдары эффектісі (Heat-Island Effect) - жылу энергиясының жоғарылауы нәтижесінде жылу «қалдықтарының» пайда болуына әкелетін қалалар мен өнеркәсіптік аудандардағы жоғары температура аймағы. Мұндай әсер қаладағы температура жақын маңдағы ауылдық жерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары болған кезде пайда болады. Халық тығыз орналасқан қалалық аудандар жылуды сіңіріп таратады, жер беті мен ауа температурасын жоғарылатады, сондай-ақ, жаһандық жылынуды күшейтеді. Бұл бағыттағы зерттеу Әбу-Дабидегі Умм әл-Емарат саябағының астанадағы температураның 1°C төмендеуіне ықпал еткені анықталды. Зерттеудің нәтижелері өсімдіктерге көбірек зәру аймақтарды анықтауға көмектесетін қала құрылысы стратегиясын жасауда көмектеседі. 2024 жылдың соңына қарай Әбу-Даби муниципалитеттер және көлік департаменті (DMT) 150-ге жуық жаңа саябақ пен жасыл алаңдарды ашуды, сондай-ақ, қолданыстағы саябақтарды жақсартуды жоспарлап отыр. Биыл көктемде Әбу-Дабиде спорт және ойын алаңдары бар 21 саябақ ашылды.

0 пікір
Мұрағат