|
Анасының тілін алмай ажал құшты
|
Қанаданың Калгари қаласының мұсылман жамағаты сомалилік диаспораның өкілі болып табылатын екі жас жігіттің қазасына байланысты қара жамылды. Өткен аптаның жұма күні қалалық аллеядан үйеңкілер елінде отбасымен 11 жыл тұрған 23 жастағы Мұрат Омардың өлі денесі табылған болатын. Осының алдында, яғни, бір күн бұрын – бейсенбіде 26 жастағы Абдуллаһи Ахмет есімді жігіт жекеменшік үйде өтіп жатқан сауық кешінде болған атыс кезінде қаза тапқан болатын. Бұл жайында Calgary Sun ақпарат көзі хабар таратты. Хабарға қарағанда, қаза тапқан жігіттердің бірінің анасы ұлын жаңа жылдық мерекені тойлап жатқан құрбы-құрдастарына бармауды өтініп сұраған екен. Алайда, ұлы анасының тілін алмаған. Ақыры оны белгісіз біреулер өлтіріп кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді