|
Анасының көз алдында 7-ші қабаттан құлаған екі жастағы бала аман қалды (ВИДЕО 18+)
|
Владивосток қаласындағы Некрасов көшесінде төтенше оқиға орын алды. Анасының көз алдында жетінші қабаттан құлаған ұл баланың аман қалуына астыңғы қабаттағы көршінің кондиционері себеп болған. VL.ru ақпарат көзінің хабарына қарағанда, анасы баласының бетіне сабын көпіршігін үрлеп, ойнатып отырған. Осы кезде бала сабын көпіршігін ұстаймын деп терезе жақтауына шығып кеткен. Одан арғысы белгілі. Анасы баласын ұстап үлгере алмай қалған. Баланы көршілері ақ жайма төсенішті арқан ретінде пайдаланып, құтқарып қалды. Баланың бұғанасы сынған әрі миы шайқалған. Бала қазіргі уақытта емханада жатыр. Полиция оның анасына балаға жеткілікті деңгейде көңіл бөліп қарамағаны үшін айыппұл салуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)