Америкалықтар торғайдай ұшақ жасап шығарды
|
Ғалымдар америкалық әскерилер үшін қалта дронын ойлап тапты. Қалта дроны бейне бақылау құрылғысымен жабдықталған. Онымен америкалық сарбаздар майдан даласында қауіпсіз тұстан жаудың қай маңға жасырынғанын немесе бекінгенін барлап біле алатын болады. Артықшылығы: басын қатерге тігіп, әуре болып жатпайды. Аталмыш жобамен Массачусетс штатында орналасқан NSRDEC әскери зерттеу орталығының инженерлері айналысып жатыр. Дрон бұрын да әскери жорықтарда пайдаланып келген болатын. Алайда, олар көлемді болғандықтан, көптеген қолайсыздықтар тудыратын. Мәселен, көзге алыстан шалынатындықтан оны атып түсіру қиындық тудырмайтын. Сонымен қатар, орманның ішімен ұша алмайтын. Қалта дронының салмағы 16 грамнан аспайды. Осынау шағын ұшақ 20 минут бойы ұша алады. Үш бейне бақылау құрылғысымен жабдықталған. Моторының үні де естілмейді. Алғашқы данасы биыл қараша айында әскерилердің назарына ұсынылады.