|
Аляскада құндыздар жаппай қырылуда
|
АҚШ-тың Качемак шығанағындағы жағажайда жалпы саны 250-ге жуық өлі құндыз табылды. Бұл туралы Балық ресурстары мен жабайы жануарларды қорғау қызметінің биологы Джоэл Гарлич-Миллер хабарлады. Оның айтуынша, биыл 2014 жылмен салыстырғанда құндыздар екі есеге көп қырылған. Теңіз жануарларының ауру белгілеріне қарап, ғалымдар оларға тосыннан топалаң келгенін айтты. Бұған су астындағы бактериялар көбеюі салдарынан балдырлардың зиянды гүлденуінен бөлінетін улы заттар себеп болуы мүмкін. Бірақ, ешбір ауырмай, кенеттен қырылған құндыздардың өлімі ғалымдарды қатты алаңдатуда. Жалпы Качемак шығанағын 6 мың құндыз мекендейді, деп жазады gismeteo.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді