Алимент төлемегендерге жауапкершілікті күшейту туралы заң қабылдады
Алимент төлемегендерге жауапкершілікті күшейту туралы заң қабылдады
3 жыл бұрын 1633 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы балаларына, сондай-ақ, еңбекке жарамсыз ата-анасына мардымсыз қаржы аударатын  немесе мүлдем аудармайтын алимент төлеушіге жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте аталмыш заңға қатысты түсіндірме жазбада айтылғандай, соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тоқтатуының көбісі алимент төлемі туралы сот шешімімен белгіленген немесе нотариалды тұрғыдан расталған ай сайынғы төлем мөлшеріне сәйкес қаражаттың ішінара төленуімен байланысты. Бұдан бөлек, депутаттар РФ Қылмыстық кодексінің 157 бабына өзгертулер енгізу туралы заңды да («Балаларға немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарға қаражатты төлемеу») қабылдады. Бұдан былай аталмыш заң талаптарына сәйкес алимент төлеуден орынды себептерсіз жалтарғандарға жаза қолданылады. Тағайындалған жазадан тұтылғандар тек РФ билігі белгілеген тәртіпте алиментті толық төлеп қана құтылады.

0 пікір
Мұрағат