Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)
6 жыл бұрын 7333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құл иеленушілер мен құлдар туралы қарт тарихтан (құл иелену ежелгі Мысыр жерінде бастау алады)  немесе осы заманғы құлдық түрлерін, атап айтқанда, тән саудасы, мәжбүрлеп жұмысқа жегу, еңбегін қанау, т.б. секілді ақпараттарды оқып білгеніңіз болмаса... әлі күнге ескінің сарқыншағындай болған, тіпті, келмеске кеткен, ұмытылған құл иеленушілікке әлем бойынша өткен ғасырда (1981 жылы) және 2007 жылы тағы бір мәрте ресми тыйым салынғанына қарамастан, Мавританияда құлдық өркен жайған. Тікелей мағынасында. "Харатиндер" деп аталатын құлдар атадан балаға мұраға қалдырылады. Аталған елдегі құлдар түрлі ауыр жұмысқа жегіледі: үй тұрғызады, егістік алқабында, т.б. Бұл елдегі халықтың шамамен 20%-ы, яғни, 600 мың адам құлдықта өмір сүреді.Бұл елдегі құлдық тарихы тым тереңде жатыр - 1300 жыл. Әлем қауымдастығы аталған ел билігін адам құқығын сақтауға шақырып, құлдықты жоюды талап еткенімен заңды айналып өтетіндер харатиндерге "құлсың" деп айтпауды үйренген. Тіпті, Мавританияда харатиндердің бас азаттығы үшін күресіп жүрген бірнеше қоғамдық ұйымдардың өзі дәрменсіздік танытуда. Өйткені, билікті қолына алған қожайыны тегін жұмысшы күшінен айырылғысы келмейді. Бір құлдың өзі қожайынына күніне 15 доллар пайда түсіреді. Бұл жергілікті өлшем бойынша үлкен табыс саналады. Егер құлдың отбасында бала дүниеге келсе, ол да автоматты түрде өз еркі өзінде емес құл саналады. Яғни, қожайынның меншігінде. Харатиндерді қожайындары сата алады, сыйлай алады, қалыңдықтың қалыңмалы ретінде береді. Неге екені белгісіз, сүйекке таңбақұлдық қанынасіңіп кеткен харатиндердің өзі бас бостандығы үшін күреспейді. Өйткені, кедей ел, барар жері, басар тауы жоқ. Аштан қатуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат