|
Алғашқы пластик ақша айналымға шығады
|
Англия банкінің басқарушысы Марк Карни Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль бейнеленген жаңа бес фунттық банкнотты көрсетті, деп хабарлады Lenta.ru. Бұл - Англия мен Уэльс аумағында қолданысқа енген алғашқы пластикалық ақша. Ақша таныстырылымы бұрынғы британиялық лидердің туған жері Бленхеймде өтті. Банкнот ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен қолданысқа енеді.