Алға жетелейтін шара кері кетіретін күшке айналды
|
Әлем эономикасы өзінің түрлі даму кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда тығырыққа тірелген - экономиканы ынталандырушы шаралардың өзі кері әсерін тигізіп жатыр. Сондай шаралардың бірі - қарыз. Яғни, арзан ақша. Соңғы жылдары орталық банктер әлем экономикасына арзан ақшаны үйіп-төккен болатын. Тіпті, тиімсіз компаниялардың өзі арзан ақшаға "көміліп" қалған еді. Нәтижесінде қарыз мөлшері ұлғайып, әлем экономикасының соңғы жетістіктерін жоққа шығаратын деңгейде қауіп төндіріп тұр. Ғаламдық қарыз 2003 жылдан бері 150 трлн долларға, 2008 жылдан бері 70 трлн долларға артқан. Әсіресе, дамыған елдердің қарызы бас айналдырар деңгейге жеткен. Яғни, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түскен. Яғни, жалпы ішкі өнімге шаққанда ғаламдық қарыз мөлшері 225%-ға жеткен. Бұл қарыз мөлшері өз кезегінде экономикалық өсімді тежеп отыр. Арзан ақшаның арқасында соңғы жиырма жыл ішінде кедейлік шегінде өмір сүретіндер қарасы көп кеміген. Мәселен, 1820 жылы кедейлер қарасы адамзаттың жалпы санына шаққанда 94,4%-ды құраса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 9,6%-ға түскен.