Әлемнің кей елдері Ресеймен құқықтық ынтымақтастықтан бас тартып жатыр
Әлемнің кей елдері Ресеймен құқықтық ынтымақтастықтан бас тартып жатыр
2 ай бұрын 452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ints Kalnins / Reuters

Үш мемлекет (Латвия, Канада және Швейцария) Ресей Федерациясымен құқықтық ынтымақтастықтан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ бас прокуратурасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Украинадағы басқыншылық саясатына байланысты түрлі эконномикалық шектеулерге ұшырап, санкция астында әлемнен оқшауланған Ресейдің құқықтық көмек туралы 27 өтінішін аталған елдердің құзырлы органдары қанағаттандырмай тастады. Мәселен, Швейцарияның федералдық әділет басқармасы РФ-ның бас прокуратурасының алаяқтық бойынша қылмыстық істе құқықтық көмек көрсету туралы өтінішіне: «Ресей Федерациясына заңдық тұрғыдан көмек көрсетілмейді» деп жауап берді. Сонымен қатар, кейбір елдер қылмыс жасады деп айыпталған Ресей азаматтарын экстрадициялау туралы өтініштерін қанағаттандырмаған. Атап айтқанда, Австрия, Германия, Полша, Словакия, Словения, Финляндия және Чехияның құзырлы органдары Ресей тарапынан түскен 67 өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Негізінен өтініштер Ресейдің жүргізіп отырған саясатына байланысты наразылық ретінде қанағаттандырылмаған. 19 өтініш бойынша шет мемлекеттер бас тарту себептерін мүлдем көрсетпеген

0 пікір
Мұрағат