Әлемнің 2-ші экономикасы аталған елдің АҚШ-ты басып оза алмайтындығының себебі айтылды
Әлемнің 2-ші экономикасы аталған елдің АҚШ-ты басып оза алмайтындығының себебі айтылды
1 жыл бұрын 673 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайда халықтың қартаю процесімен қатар бір мезгілде халық санының кемуі жүріп жатыр. Бұл демографиялық факторлар өз кезегінде әлемнің екінші экономикасының бәсекеге төтеп беру қабілетіне кері әсер етпек. Бұл жайында islam.kz порталы Terry Group консалтингтік фирманың есебінде келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2023 жылы Қытай халқы соңғы 60 жылда алғаш рет азая бастады және Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша осы ғасырдың соңына қарай ел тұрғындарының саны екі есеге азаяды. Сонымен қатар, Қытайда егде жастағы адамдардың үлесі шапшаң өсуде, ал еңбекке қабілетті азаматтардың қарасы азайып келеді. Келесі он жылдың басында экономикалық белсенді қытайлар саны жылына орташа есеппен 7 миллионға қысқарады, ал 2050 жылдарға қарай бұл көрсеткіш жылына 12 миллионға дейін өседі. БҰҰ 2100 жылға қарай Қытайдың еңбекке жарамды халық саны бестен үшке азаяды, деп болжап отыр. Осыған байланысты көптеген сарапшылар, соның ішінде Capital Economics зерттеу тобы мен Жапонияның экономикалық зерттеулер орталығы (JCER) Қытайдың жақын болашақта экономикалық өсімі жағынан АҚШ-тан асып түсе алмайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат