|
ӘЛЕМНІҢ 12 ІРІ ҚАЛАСЫ ЭКОКӨЛІКТЕРГЕ КӨШПЕК
|
Әлемнің Париж, Лондон, Лос-Анджелес және Кейптаун сынды қалалары 2025 жылдан бастап ауаны ластамайтын автобустарды ғана сатып алмақ. Сондағы мақсат - 2030 жылға қарай экологиялық таза аймақтардың санын арттырып, қоршаған ортаны бензин мен керосиннен бөлінетін улы заттан қорғау. Мұндай мәмілеге дүниежүзінің 12 мегаполисінің өкілдері Францияда қол жеткізді. Жалпы алғанда 80 миллион адам тұратын бұл қалаларда келешекте жаяу жүру, велосипед және улы газ таратпайтын қоғамдық көліктерге көшу мәселесіне басты назар аударылады. Мұндай шаралардың қажеттігі 2015 жылғы Париж келісімінде қарастырылған. Сонымен қатар, қазір сутегімен және электр қуатымен жүретін машиналар өндірісіне ерекше мән беріліп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді