Әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін үш мемлекет аталды
Әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін үш мемлекет аталды
1 жыл бұрын 943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биыл өткізілген бұл тараптағы сауалнамаға қатысқандардың дені үш державаны, атап айтқанда, АҚШ, ҚХР және РФ-ны әлем қауіпсіздігіне қатер төндіреді, деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш сауалнама нәтижесін жариялаған америкалық U.S. News & World дерек көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауалнама 2023 жылдың наурыз айынан шілдесіне дейін әлемнің әр түкпірінде жүргізілген. Респонденттерге ( сауалнамаға қатысқандарға) 87 мемлекетті түрлі сипатымен, соның ішінде адам құқығына қалай қарайтынын, әскери әлеуетін, халықаралық арендаға одақтастарын, т.б. өлшемдерімен бағалауды ұсынған. Нәтижесі бойынша респонденттердің шамамен 70%-ы қазіргі уақытта әлемге Ресей Федерациясы қауіп төндіріп тұр деп санаса, сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы Қытай халық республикасын әлемге қауіпті екінші держава деп таныған. Ал үшінші орынға Америка құрама штаттары жайғасқан. Ресей көбінесе Дания, Финляндия, Жапония және Полша сияқты елдерге, сондай-ақ, Балтық жағалауы елдерінің тұрғындарына қауіп төндіреді деп есептейді, ал Ресей Федерациясына ең жақсы көзқарас Қытайда қалыптасқан. Қытайға келсек, Жапонияда, АҚШ-та, Үндістанда және Оңтүстік Кореяда жаһандық қауіпсіздік үшін қауіпті ел болып саналады. АҚШ-ты бейбітшілікке төнген басты қауіп деп атаған респонденттердің ең көп қарасы Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы, Индонезия және Жаңа Зеландияда кездескен.

0 пікір
Мұрағат