Әлемдік орталық банктер қорын көбейтуде доллардың үлесін арттырады
Әлемдік орталық банктер қорын көбейтуде доллардың үлесін арттырады
7 ай бұрын 994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mohamed Abd El Ghany / Reuters

«Ресми валюталық және қаржы институттары форумы» (OMFIF) британдық талдау орталығының сараптамалық материалдарына сәйкес өз резервтеріндегі доллар үлесін арттыруға ұмтылатын орталық банктердің үлесі үш есеге өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы сомасы 5,4 триллион долларды құрайтын халықаралық резервтерді басқаратын 73 мемлекеттік мекемеге сауалнама жүргізген зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі орталық банктердің 18 пайызы алдағы бір-екі жылда Америка құрама штаттарының ұлттық валютасында сақталатын капитал мөлшерін ұлғайтуды ұйғарып отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6 пайыздан әрең асып еді. OMIFIF басқарушы директоры Никил Санганидің түсініктемесіне сәйкес алдағы он жылда доллардан әлем бас тарта алмайды және осы уақыт ішінде қаржы нарығын реттеушілер өздерінің резервтеріндегі АҚШ валютасының үлесін пайызға шаққанда қазіргі 58-ден 55-ке дейін төмендетеді. Сарапшының болжауынша, юанның (Қытайдың төл ақшасы) үлесі шамамен 2,5 есеге - 2,3-тен 5,5 пайызға дейін өседі, алайда, доллармен резервтегі «өкілдігі» бойынша теңесе алмайды. Әлемдік қаржы жүйесін доллардан «тазарту» науқаны туралы талас-тартыстың өршіп жатқанына қарамастан долларға «сұраныстың» артуына Америка құрама штаттарындағы жоғары мөлшерлемелерге байланысты америкалық бағалы қағаздардың кірістілігінің Қытайға қарағанда жоғары болуы ықпал еткен. Бұл жағдайдан жапон валютасы да зардап шекті. Йен бағамы соңғы уақытқа дейін бағамдарды теріс диапазонда ұстап келген Жапония банкінің монетарлық бағамы аясында құлдырап кеткен. Биржа ойыншылары ставкалардағы (мөлшерлеме) айырмашылықты кепілдендірілген тәуекелсіз (қатері жоқ) табыс табу тәсілі ретінде пайдаланады. Олардың іс-әрекетінің нәтижесінде банктік депозиттердің кірістілігі жоғары мемлекеттердің валютасы жоғары сұранысқа ие болады және оның құнын өсіреді.

0 пікір
Мұрағат