Әлемдік банктердің экологияға зиянды жобаларды қаржыландырып келгені әшкере болып жатыр
Әлемдік банктердің экологияға зиянды жобаларды қаржыландырып келгені әшкере болып жатыр
3 жыл бұрын 2021 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік қаржы институттарының қоршаған ортаға орны толуы неғайбыл зиян келтіріп жатқаны, дәлірегі, орман-тоғайды отаумен тікелей немесе жанама байланысы бар компанияларға қыруар қаржы құйғаны әшкере болып жатыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда,  Global Witness (табиғи ресурстарды экспорттаумен айналысатын елдердегі адам құқығының бұзылуына қарсы күресетін халықаралық ұйым – ред.) әлемдік қаржы секторының бұл тарапта 119 млрд доллар бөлгенін анықтады. Яғни, бас пайдасы үшін табиғи қорықтарды, орманды алқаптарды жаппай жоюға мүдделі топтардың сойылын соққан. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Time ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға, климат өзгерісіне қарсы әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіретін, үйлестіретін Париж келісімі ьекітілген кезеңнен бері – 5 жыл ішінде BNP Paribas несие ұйымы, қытайдың өнеркәсіп-коммерциялық  банкі (Industrial and Commercial Bank of China (ICBC), JPMorgan, HSBC және Bank of America қызметі мен іс-әрекеті орман-тоғайды отаумен байланысты аса ірі 20 агробизнеске қаржылай қолдау көрсетіп келгені белгілі болды. Соның ішінде жайылымдық жер үшін орман-тоғайды отауға қатысы бар бразилиялық JBS ет компаниясының өзі 2016-2020 жылдар аралығында ондаған қаржылық мәмілелер жасасқан. Бұдан бөлек, какао, кофе, мақта және күріш өндірумен шұғылданатын әлемдегі аса ірі сингапурлық Olam International компаниясына, оның жер-жердегі еншілес компанияларына 730 млн долларға тарта қаржы бөлген. Аталған сингапурлық компания Африка құрлығының орталығындағы (Габон) тропикалық орманды отаумен аты шыққан. Global Witness келтірген дерек бойынша жоғарыда аталған бес ірі банк ұзын саны 570 мәміле жасасқан (облигация шығсру түрінде, несие беру түрінде, т.б.) орман-тоғайды отағаны үшін айыпталған немесе күдікті компанияларды қаржыландырып келген. Таяуда австриялық Allrise компаниясы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа Бразилия президенті Жаира Болсонарудың үстінен шағымданған болатын – экология белсенділері мен жанашырлары аталған елдің басшысын адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап отыр. Билік басына келгеннен бері жыл сайын төрт мың шаршы метр орманның оталуына жол бергіні үшін. 

0 пікір
Мұрағат