Әлемдегі ысырап шығын 750 000 000 000 долларды құрайды
Әлемдегі ысырап шығын 750 000 000 000 долларды құрайды
10 жыл бұрын 3904 mobil.zaman.com.tr/

Деректер бойынша ысыраптың көбісі тамақтан болады екен. Әсіресе, Америка мен Еуропада қоқысқа тасталған тамақтар мен аштан қырылған елдердің жайы көп сөз болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ауылшаруашылық одағының мәліметтеріне сүйенсек дүниежүзілік ысырап мөлшері артқаны белгілі болды. Кез келген адам 3 тамақтың біреуін қоқысқа тастайтын көрінеді. АҚШ-та өндірілетін азық-түліктің 100-ден 40 пайызы желінбей қалса, Еуропада әр жылы 100 млн тонна азық сарқып тұтынылмайды. Ал, мұндай ысырапшылдыққа кеткен шығын шамамен 750 млрд долларды құрайды. Осыған қарамастан, дүниежүзінде миллиардтаған адам жапа шегуде.

Егістіктен алынған өнімнің 28 пайызы қоқыс жәшігіне кетеді екен. Сөз болған азық-түліктердің 39 пайызын жеміс-жидектер мен көкөністер құрайды. Үндістан секілді ыстық елдерде жемістер мен көкөністер бүлініп, сатылмай қалады. АҚШ-тың ауыл шаруашылығының экономикалық зерттеу қызметінің мәлімдеуінше 141 триллион калория далаға кетеді. Олар егер бұл есепсіз шығынды азайтатын болса, онда дүниежүзілік нарықтағы бағалардың түсетінін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат