Әлемдегі ірі қару-жарақ өндірушілерінің табысы бір жылда 632 млрд долларға жетті
|
2023 жылы қару-жарақ сатумен және әскери қызмет көрсетумен айналысатын әлемнің 100 ірі компаниясының кірісі 632 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артық. Стокголм халықаралық бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының (SIPRI) сайтында осындай дерек жарияланады. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сегменттегі кірістің өсуі барлық өңірлерде тіркелген, әсіресе, ресейлік және Таяу Шығыстағы компаниялар табысының күрт өсуі байқалды. SIPRI мәліметі бойынша компаниялардың төрттен үш бөлігіне жуығы қару-жарақтың жыл сайынғы саудасын арттырған, бір қызығы, олардың көпшілігі «топ-100-дің төменгі жартысындағы компаниялар». Яғни, бұл үрдістен күллі әлем бойынша қару-жараққа сұраныстың артқанын, дәлірегі, қарулану деңгейінің артқанын көрсетеді. Қару-жарақ судасының көрігін қыздырған алғашқы 100-діктің жартысына жуығы америкалық компаниялар - 41 компания; олардың жалпы табысы 317 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға көп. Әлемнің барлық аймақтары бойынша алғанда ең төменгі өсімді Еуропадағы (Ресейді қоспағанда) топ-100 құрамындағы 27 компания көрсетті: олардың жалпы кірісі 133 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға артық.