Әлемдегі ең ұзын адам ең қысқа адаммен кездесті
Әлемдегі ең ұзын адам ең қысқа адаммен кездесті
10 жыл бұрын 16415

Әлемдегі ең бойшаң адам – түрік Сұлтан Кесен әлемдегі ең тапал адам – непальдық Чандра Дангимен Британия астанасында Гиннес рекордтар кітабының 60 жылдың мерейтойына орай кездесті. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты.

Сұлтан Кесеннің бойының ұзындығы – 251 сантиметр, ал Чандра Дангидің бойы – 54,6 сантиметр. Сұлтан Кесен 2009 жылы рекордтар кітабына енген болатын. Оның алдында Қытай азаматы Бао Сишун әлемдегі ең бойшаң адам саналған. Оның бойының ұзындығы – 236 сантиметр болатын. Сонымен қатар, биыл бақиға аттанған украиналық Леонид Стадник те ресми емес дерек бойынша әлемдегі ең бойшаң адам атанған еді. Алайда, ол әйгілі болудан қашып, бойын өлшетуден үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Ал Чандра Данги рекордтар кітабына 2012 жылы, 72 жасында енген екен. Сөз арасында айта кету керек, Гиннес рекордтар кітабының тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдардың орта шенінен бастау алады. Жыл сайын оның жаңа нұсқасы жарық көреді. Онда өзгеше адамдар, өзгеше тағдырлар, ерекше жануарлар, айрықша оқиғалар, т.б. тіркеледі.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6