Әлемдегі ең үлкен сұранысқа ие қару аталды
Әлемдегі ең үлкен сұранысқа ие қару аталды
1 ай бұрын 619 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдік қару-жарақ саудасын талдау орталығының сарапшылары ең жоғары сұранысқа ие қару-жарақ түрлерін атады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Авиация және әуе шабуылынан қорғану жүйелерi әлемдiк қару-жарақ нарығындағы ең жоғары сұранысқа ие қару-жарақ болып қалады. "2025-2028 жылдар кезеңіндегі экспорттық сату көлемі құндық параметр бойынша былайша жітелді: 1. Авиациялық техника - 175,022 миллиард доллар (30,62 пайыз); 2. Әуе шабуылынан қорғану техникасы - 76,460 миллиард (13,38 пайыз); 3. Бронды техника - 76,217 миллиард (13,34 пайыз) ", - деп айтылған материалда. Сондай-ақ, алғашқы бестікке 11,53 пайыз үлесі бар әскери-теңіз техникасы мен тікұшақтар (10,97 пайыз) кірді. Алтыншы орынды зымыран-артиллериялық қару-жарақ (6,01 пайыз) алады, ал пилотсыз ұшақтар (дрондар) қару-жарақ экспортының жалпы мөлшерінің 2,67 пайызын құрайды. Бұл ретте кеңінен тараған ұшқышсыз жүйелер көптеген әуе қорғанысы кешендерінен немесе басқарылатын ұшақтардан едәуір арзан тұратынын ескеру қажет.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4