Әлемдегі ең қымбат Мексика президентінің ұшағы (фото)
|
Мексиканың бұқаралық ақпарат құралдары Мексика президенті Энрике Пенья Ньетоның әлемдег ең қымбат ұшағының фотосуретін жариялапты. Бұл жайында RT.com ақпарат көзі хабар таратты. Арнайы тапсырыспен жасалып жатқан Boeing 787 Dreamliner ұшағының құны 580 миллион долларға түскен. Бұл ұшақтың бағасы әлемнің алпауыт елдері АҚШ, Қытай Және Ресей Федерациясы президенттерінің ұшағынан да қымбат болып шыққан.
Бұл әуе кемесі үстіміздегі жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Осыншама қымбат ұшақтың құнын Мексика билігі 15 жылдың ішінде өтеп бітеді.
Boeing 787 Dreamliner – америкалық Boeing компаниясының шетелдік компаниялармен бірігіп жасаған реактивті жолаушылар ұшағы. 250-ден 330 адамға дейін жолаушы тасымалдай алады. Аталмыш лайнер алғаш рет 2011 жылдың қазан айының 26-ы күні көкке көтерілген болатын.