Әлемдегі ең жомарт ел аталды
Әлемдегі ең жомарт ел аталды
4 жыл бұрын 5816 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Биылғы ең жомарт ел белгілі болды. 2020 жылдың есептік қорытындысы бойынша жан басына шаққанда қайырымдылыққа қаржы жұмсауда Ирландия алға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, бұл бағыттағы алғашқы бестік құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия енген. Биыл қайырымдылық қаржысы тек жұқпалы індет пандемиясына байланысты аударылған жоқ, сонымен қатар, теңдік үшін күрес секілді әлеуметтік шаралар да ұмыт қалмаған. Бұдан бөлек, америкалық азық-түлік қоры биыл мол қаражат жинай алған екен – 44 млрд доллар. Бұл қайырымдылық қаржысының барлығы мұқтаж америкалықтардың қажетін өтеуге жұмсалады. Ал жеке тұлғалар арасынан қайырымдылық қаржысының молдығымен көзге түскендерге келсек, Twitter әлеуметтік желісінің негізін қалаған Джек Дорсидің есімін құрметпен атауға болады. Ол осы мақсатта тұтас бір млрд долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Қайырымдылыққа жұмсаған қаржысының көптігімен оның алдына ешкім түсе қоймаған – дәулетіне шаққанда ең көп қаржыны қайырымдылыққа аударған. Ал әлемге әйгілі Билл және Миланда Гейтс тәжді тажалмен күреске 100 млн доллар жұмсаған екен.

0 пікір
Мұрағат