Әлемдегі ең ірі харам қасапханалардың бірі жабылды
Әлемдегі ең ірі харам қасапханалардың бірі жабылды
6 жыл бұрын 5545 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда ит соятын аса ірі ферма жабылды. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталған ел аумағындағы Соннам қаласындағы ит қасапханасында жыл сайын жүз мыңдаған ит сойылады. "Біз Тэпйон фермасының жабылуына ұзақ уақытымызды сарп еттік. Тергеу, тексеру жұмыстарын жүргіздік және жергілікті билікке қысым көрсеттік",- деді осы күресте табандылық танытыпи, мақсаттарына жеткен жануарларды қорғау ұйымының өкілі Ким Хёнджи. Әуел баста заңсыз салынған қасапхана жұмысына жергілікті билік көзжұма қараған екен. Ит етіне сұраныс жоғары болғаны үшін. Жануарларды қорғау ұйымының өкілі айтпақшы, бұл алғашқы қадам - тарихи сәт: осыдан кейін ел аумағындағы өзге де ит қасапханалары жабылуы тиіс. Жануарларды қорғау ұйымы өкілдерінің айтуынша, тексеру кезінде ит қасапханасынан азаптайтын құралдар, соның ішінде, электрошокер, пышақ, тұзақ, қырқу жабдықтары табылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған қасапхананы жабу туралы шешім 2013 жылы шығарылған екен. Содан бері табаны күректей 5 жыл өткен. Бұл қасапхананың орнына саябақ салынуы тиіс болатын. Жоспар бойынша. Бұдан бөлек, ит еті сатылатын Моран базары да жабылуы тиіс болатын. Жануарларды қорғау ұйым белсенділерінің мәліметінше, ел аумағында ит соятын шамамен 17 мың қасапхана бар. Онда шамамен 2 млн ит бар. 

0 пікір
Мұрағат