|
Шөлді сел алды (видео)
|
Саудия аумағында қатты жауған нөсерден сел-тасқын жүріп, нәтижесінде 35 адам табғиғи апат құрбаны болды. Saudi Gazette мерзімді басылымы таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, аталған елдің ондаған өңірінде стихиядан кісі өлімі орын алған. Әсіресе, қасиетті Мекке қаласында қаза тапқандар қарасы көп - 11 адам. Олардың дені селге ағып, ток ұрып,құлаған ғимараттың астында қалып опат болған. Табиғаттың дүлей мінез танытуына байланысты 4 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ең қызығы, жауын сирек жауатын, оның өзінде қысыр жауатын шөлді сел алғаны болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)