Әлемдегі ең ірі экономикалардың үштен бірінің тұрғындары Таяу шығыс еліне бойкот жариялады
Әлемдегі ең ірі экономикалардың үштен бірінің тұрғындары Таяу шығыс еліне бойкот жариялады
6 ай бұрын 759 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің 15 елінде Trust Barometer компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес әрбір үшінші сатып алушы израилдік тауарларға, сондай-ақ, Израильмен байланысты брендтерге бойкот жариялаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Middle east Eye ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы алғанда, әлеуметтік зерттеу аясында Америка құрама штаттары, Франция, Германия, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Үндістан, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б. елдерде 15 000 респондентке сауалнама жүргізілді. Сауд Арабиясы мен БАӘ тұрғындары арасында Израил тауарларынан бас тартқандар қарасы көп: Саудияда тұтынушылардың 71 пайызы, Әмірліктерде 57 пайызы. Үшінші орында Индонезия тұр, онда халқының жартысы Израилге қатысты тауарлардан бас тартқан, одан кейінгі орындарға Үндістан мен Германия табан тіреген. Бір қызығы, Израилге бойкот жариялаған тұтынушылар арасында мұсылмандар азшылықты құрайды – небәрі 37 пайыз.

0 пікір
Мұрағат