Әлемдегі әрбір бесінші қыз 18 жасқа толмай жатып тұрмысқа шығады
Әлемдегі әрбір бесінші қыз 18 жасқа толмай жатып тұрмысқа шығады
1 жыл бұрын 1252 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Огайо штаты университетінің ғалымдары климат дағдарысына байланысты өзекті мәселелерге айналып келе жатқан көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалардың қатарына балалардың еркінен тыс, ерте жастан мәжбүрлі түрде отбасын құруды жатқызып  отыр. Бұл жайында islam.kz порталы америкалық ғалымдардың 1990-2022 жылдар аралығын қамтитын метаталдау нәтижесінде жасаған тұжырымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл теріс тенденция, әсіресе, табысы төмен және орта елдерге, соның ішінде Африка құрлығы мен Азияның бірқатар елдеріне (Бангладеш, Үндістан, Пәкістан, Кения, Непал және Вьетнам) тән. Күллі әлем бойынша кптеген елде кәмелет жасы саналатын - 18 жасқа толмаған әрбір бесінші қыз өз еркінен тыс тұрмысқа шығуға мәжбүр, ал бұл көрсеткішті аймақтарға бөлсек, табысы төмен және орташа елдерде 40%-ды құрайды. Құрғақшылық жайлаған, тасқын-селден жиі зардап шегетін елдерде аптап ыстық 30 күннен асса, 11-14 жастағы қыздардың тұрмысқа шығу қаупі 50%-дан асып кетеді, ал 15-17 жастағылар - 30%. Экономикалық себептерге байланысты, дәлірегі, қалыңмалы тұрмысы төмен адамдардың стретагиялық күнкөріс көзіне айналып барады.

0 пікір
Мұрағат