Әлемде тұңғыш рет жаһандық жылынуға байланысты демікпе дерті диагнозы қойылды
Әлемде тұңғыш рет жаһандық жылынуға байланысты демікпе дерті диагнозы қойылды
3 жыл бұрын 1756 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британиялық Колумбиядағы Кайл Мерритт (суретте - ред.) есімді канадалық дәрігер әлемде тұңғыш рет жаһандық жылыну салдарынан демікпе дертіне шалдыққан науқасқа осындай диагноз қойды. Бұл жайында islam.kz порталы The Science Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша пациенттің медициналық картасына алғаш рет климат өзгерісіне байланысты пайда болған дерт туралы дерек жазылды. Кайл Мерритт - жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі. Жасы 70-тен асқан пациент оның қабылдауына жаз мезгілінде келген болатын. Ол тыныс алуда қиналатынын жеткізген. Дәрігер оның сырқатының себебін жаһандық жылынудан көріп отыр. Биыл жазда үйеңкілер еліндегі ауа температурасы Цельсия бойынша 46 градустан асқан болатын. Аптап ыстықтан бөлек орман өртінен аталған елдің жарты аумағын түтін мен ыс басты. Демікпе дертіне шалдыққан науқас бұрыннан сусамырдан, жүрек кінәратарынан зардап шегіп келген. Міне, осы оқиға Кайл Мерритті «Планета саулығын ойлайтын дәрігерлер мен медбикелер» атты топ құрды. Әріптестерімен бірге. Аталған топ науқастарды қоршаған ортаны қорғай отырып сауықтыру бастамасын көтеріп отыр.

0 пікір
Мұрағат