«Әлем зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы» шарасы аяқталды
|
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 9-ы күні Иранда «Әлем зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы» атты халықаралық конференция басталған еді. mehrnews.com ақпарат көзінің хабарына қарағанда, маңызы зор аталмыш жиынға әлемнің 40-тан аса елінен саяси қайраткерлер, ғалымдар, сарапшылар қатысып, өз ойларын ортаға салған. Екі күнге созылған шара Таяу Шығыста, атап айтқанда, Сирияда және Иракта өршіп тұрған зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы өтті десе де болады. Иран президенті Рухани Хасанның айтуынша, мұндағы мақсат зорлық-зомбылық пен экстремизмге қатысты түйіні тарқатылмаған күрделі әрі қордаланып қалған мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып, нақты жоспар құруға саяды. Аймақтық әрі халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әлем елдерінің мүдделілік танытып отырғанына қарамастан саяси алаңдағы ойындар бұған мүмкіндік бермей отырғанын алға тартты сарапшылар.