Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?
Әлем Қытай халқын көпісініп еді... Қытай халқы азайса, әлемге қандай қауіп төнеді?
4 жыл бұрын 7677 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Австралиядағы ірілігі жағынан 4-ші орында тұрған Australia and New Zealand Banking Group (ANZ) қаржы мекемесінің бас экономисі Раймонд Юнг Қытайдағы халықтың қартаю процесінің әлемде дүрбелең тудыратынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Eminetra ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қаржыгер маманның айтуынша, қытай халқының қартаю процесі өз кезегінде әлемдік қаржы нарығына теріс әсерін сөзсіз тигізеді. Өйткені, Қытайдағы жинақ ақшаның жоғары деңгейі әлемдік нарықтың жұмыс істеуіне кепілдік береді. Осы орайда ҚХР-дың жекелеген тұлғалардың жинақ ақшасы бойынша көрсеткіші әлемде ең жоғары екенін, сол себепті, бөлшек сауда инвесторларының ақшасын соған салатынын, соның ішінде қытайдың зейнетақы қорларында сақтайтынын айта кету керек. Таяуда жарияланған, он жылда бір жүргізілетін Қытайдағы халық санағының нәтижесі көрсеткендей, аталған елдегі тұрғындар қарасы 2020 жылдың қазан айындағы есеп бойынша 1,41 млрд адамды құраған. Бұл қытай халқының өсу қарқынының 1950-ші жылдан бері ең төменгі көрсеткіші болып отыр. «Бұл тенденция тереңдей бермек. Бұл жайт тек Қытайға ғана емес, сонымен қатар, күллі әлемге ескерту, өйткені, Қытай жабдықтау тізбегінің ядросы. Келесі бірнеше жыл бойы Қытай 70 млн ұмысшы күшінен айырылады...»,- деп мәлімдеді Раймонд Юнг. Сарапшының айтуынша, Қытай билігінің неше жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Бір отбасы – бір бала»  шектеу саясатынан бас тартқанымен бұл проблемадан Қытай құтыла алмайды. Халықтың санын көбейту үшін басқа әлеуметтік-демографиялық саясат жүргізуі тиіс. Экономикасы аса ірі аталмыш елдегі тұрғын үй бағасының қымбат болуы, білім беру ақысының жоғары болуы туу көрсеткішін тежейтін факторлар болып отыр. Бұл әлеуметтік-демографиялық факторлардың еңсеруге Қытайдың технологиялық әлеуеті көмекке келмек, яғни, технологиялық жетістіктер есебінен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, туу көрсеткішін арттыра алады. 

Тақырып бойынша материалдар: 

«Қытай кедейлікті ғылымның және технологияның көмегімен жеңді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-kedeilikti-gylymnyn-jane-tehnologiyanyn-komegimen-jendi-14925/#gsc.tab=0); 

«Қытай жетістігінің құпиясы неде?» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jetistiginin-qupiyasy-nede-14048/#gsc.tab=0); 

«Қытай дамушы елдерге қарызды құпия шарттармен берген» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damushy-elderge-qaryzdy-qupiya-sharttarmen-bergen-15041/#gsc.tab=0);

«Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qytai-ekonomikasynyn-qarqyndy-damuynyn-negizgi-5-sebebi-10366/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат