Әлем жаңалықтары: Караоке-барларда халал ас мәзірі ұсынылады
|
Феминист шариғат шәлісін жамылды. Нәтижесі қандай?
Ани ДиФранко есімді америкалық жас феминист (әйелдерге ресми түрде ерлермен тең құқық беруді көтерген саяси ағымның өкілі) байқап көрмек үшін күні бойы шариғат шәлісін жамылып жүреді. Оған Нида Саид есімді мұсылман құрбысы ой тастап, осындай ұсыныс білдірсек керек. Құрбысына құлақ асқан ол алдымен шариғат шәлісін қалай тағу керек екендігін үйрететін Баффало университетіндегі мұсылман әйелдер ұйымының кеңсесіне бас сұғып, ертеңіне үйінен басына орамал тартып шығады. «Мен айнаға қарадым да күлдім. Өзімді ешқуақытта бұлай әдемі әрі сенімді сезінген емеспін»,- деді ол ағынан ақтарылып The Spectrum ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. «Достарымның кейбіреуі және профессорлар менің бұл түрімді елеген жоқ. Кейбіреулері сауалдарын қойды. Оларға жымиып жауап бердім»,- деді ол сөзін сабақтап. Қызық болғанда, сатып алған кексінің халал ма әлде халал емес пе, намаз оқитын уақыт кірді ме деген ойлаар өздігінен келген.
Спортшы мұсылман әйелдер жарысқа шариғат шәлісін жамылып шығу үшін күрседі
Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың Индира Кальо есімді баскетболшы қызы Еуропадағы жарыс алаңыына шариғат шәлісін жамылып шығуға жергілікті ережеге сәйкес рұқсат берілмейтінін біледі. Ал 2014 жылы босниялық спортшының бастамасымен 70 000-ға жуық адам Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) атына аталмыш ережені жұмсартуды таалап етіп, онлайн режимінде петицияға қолдарын қояды. Аталмыш федерация шенеуніктері халықаралық жарыстарға қатысатын мұсылман спортшыларға ойын алаңына шариғат шәлісін жамылып шығуға қатысты мәселені қарастыратынын мәлімдеп, уәде берді. Егер федерация шенеуніктері сөзінде тұрса, онда жарысқа қатысатын мұсылман әйелдердің қарасы аартар еді.
Гүлден тоқылған алып кілем
Сауд Арабиясының Янбу қаласындағы королдік комиссия жыл сайын өтетін гүл фестивалін инновациялық бағдарламалармен толықтыруды жоспарлап отыр. Аталмыш фестивалдің маңызын арттыру үшін. Биыл аталмыш шараның аажарын ашатын – гүлден тоқылатын кілемнің көлемі ұлғаятын болады. Яғни, 22 шаршы метрге ұлғаяды. Өткен жылы оның көлемі 10 000 шааршы метрді құрап, Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. Биыл оның көлемі 12 мың шаршыы метрге ұлғайтылады. Гүл фестивалін жергілікті халықпен қатар шетелден арнайы келіп тамашалайтындар да бар. Бұл мәдени шара наурыз айының 1-і күні аяқталады.
Караоке-барларда халал ас мәзірі ұсынылады
Жапонияның мейрамханалары мен дүкендерінде қатары жылдан жылға артып келе жатқан осы елдегі мұсылман жамағатының сұранысын қанағаттандыру үшін алдағы уақытта шариғат талаптарына сай әзірленген тағам түрлерін көбейтуге бел буып отыр. Тіпті, караоке барларда да мұсылман клиенттерін көптеп тарту үшін халал ас мәзірі ұсынылады. Халал сертификатын беретін Токио қаласындағы мұсыылмандардың «JapanIslamicTrust» ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда өздерінде тіркеуден өткісі келетіндердің қарасы 2000 жылдың бас кезінен бері шамамен 5 есеге артқан. Күншығыс елінің шариғат таалааптарына сай әзірленетін тағам түрлерін көбейтуге бет бұруының себебі осы елге Индонезия мен Малайзиядан мұсылман туристердің көптеп келуінде жатыр. Визалық талаптардың жеңілдігі мен жапон валютасының бағалы болуына байланысты өткен жылы аталған елдерден 40 000-нан аса турист келген.
Франция билігі Сирияға ұшпақ болған алты адамның төлқұжатын тартып алды
Француз билігі Сирияға ұшпақ болған елдің алты азаматының төлқұжаттарын тәркіледі. Бұл жайында Росбалт ақпарат көзі хабар таратты.
Бұл қадам өткен жылы қарашада француз парламенті мақұлдаған лаңкестікке қарсы заңды қолданудың алғашқы жағдайы болды, деп атап көрсетті елдің ІІМ басшысы Бернар Казнев репортерлермен әңгіме барысында.
"Елден шығуға алты әкімшілік тыйым салуға бүгін қол қойылды, тағы 40 адам өздерінің кезегін күтуде", - деді министр.
Осы алты азаматтың шетелдік төлқұжаттары мен жеке куәліктері жарты жылға тәркіленді, одан кейін тыйым салу алынып тасталады.
Қазіргі кезде Францияның 1,4 мыңға жуық азаматы Сирияға немесе Иракқа баруға ниеттеніп отыр. Ел басшылығы Таяу Шығыстан оралған содырлар елеулі лаңкестік қауіп туғызады деп алаңдауда, мұны Парижде болған қаңтардағы лаңкестік актілері қуаттайды.