|
Әлем елдерінің қарызы көбейді
|
Әлем елдерінің де қарызы көбейді, деп хабарлады 24.kz
Биыл алғашқы 3 айда жаһандық несиенің көлемі 324 трлн долларға жеткен. Халықаралық қаржы институтының дерегі бойынша, бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 7 жарым трлн долларға көп. Бұл - рекорд.
Төрткүл дүниедегі қарыздың өсуіне Қытай, Франция және Германия ықпал еткен. Шығыстағы көршіміздің борышы 2 трлн долларға артқан. Бейжіңнің жалпы ішкі өнімге шаққандағы сыртқы берешегі 93 пайызға тең. Жыл соңына дейін 100 пайызға жетуі мүмкін.
«Ал Канада, БАӘ және Түркияда, керісінше, борыш деңгейі төмендеген», - дейді сарапшылар.
Әлем елдерінің қарызы көбейді:
2025 жыл - $324 трлн
2024 жыл - $316,5 трлн
Жаһандық қарыздың өсіміне ықпал еткен елдер:
Қытай - $2 трлн
Франция - €40,5 млрд
Германия - €14, 3 млрд
Әлемде кедей елдердің қарызы көбейген
Әлемдегі ең кедей 26 елдің қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, олардың сыртқы берешегі 8,8 трлн АҚШ доллары. Мұндай көрсеткіш кейінгі 18 жылда тіркелмеген.
Бұл елдерде халықтың жылдық табысы жан басына шаққанда 1145 доллар. Бұл біздің ақшамен 618 мың теңге. Орташа айлық 51 мың теңге.
Халықаралық талап бойынша, кедей адамдар санатына күніне 1000 теңгеден артық жұмсай алмайтын отбасылар жатады. БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, әлемде осындай 700 млн адам бар. Әсіресе, Оңтүстік Судан, Орталық Африка мемлекеті, Сомали, Йеменде жағдай қиын. Халықаралық қауымдастық, әсіресе, Ауғанстандағы ахуалға алаңдаулы. Мұнда 8 жыл ішінде кедейлер саны шамамен 5,5 млн адамға көбейген. Сөйтіп 35 млн халықтың үштен екісі кедейліктің қамытын киюге мәжбүр.