Әлем бойынша этилді жанар-жағармайды қолдану толық тоқтады
Әлем бойынша этилді жанар-жағармайды қолдану толық тоқтады
3 жыл бұрын 1362 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша құрамында қорғасын қоспасы кездесетін этилді жанар-жағармайды қолдану толық тоқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми сайтында айтылған хабарға қарағанда, аталмыш отын түрі өткен айдан бері қоры сақталған әлемнің ең соңғы елінде – Алжирде қолданылуы тоқтаған. Бұл жайында islam.kz БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөнідегі ресми сайтына (unep.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Этилді жанар-жағармай қозғалтқыштың қуатын арттыру үшін қолданылады, дәлірегі, тетраэтилхлорид қосылады. Аталмыш зат 1920-шы жалдардан, дәлірегі, 1922 жылдан бері молынан пайдаланылып келген еді, кейін ғалымдар мұндай отын түрімен жүретін автокөліктердің атмосфераға әр 100 шақырым сайын 3-4 грамм қорғасын бөлетінін анықтаған болатын. Оның зияны анықталса да 1970-ші жылға дейін күллі әлемде қолданылды. Этилді жанар-жағармай топырақты, ауызсуды, ауыр шаруашылық өнімдерін ластап келген еді. Осының салдарынан жүрек аурулары, инсульт, обыр секілді қатерлі ауруларға себеп болып, мидың дамуын тежейді. Тек 2002 жыдан бастап БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдрламасы оны қолданудан алып тастау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нәтижесінде 1,2 млн адамның өлім-жітімінің алдын алып, жылына 2,45 трлн доллар үнемделді.

0 пікір
Мұрағат