Әлем бойынша ел ішінде қоныс аударғандар қарасы рекордтық деңгейге жетті
Әлем бойынша ел ішінде қоныс аударғандар қарасы рекордтық деңгейге жетті
8 ай бұрын 704 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша қарулы қақтығыстар мен табиғи апаттардан қоныс аударғандар саны өткен жылы (2023) рекордтық деңгейге – 75,9 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде IDMC (Ішкі қоныс көші-қон мониторингісінің орталығы) сайтында келтірілген дерекке жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Судандағы, Палестинадағы және басқа елдердегі қақтығыстар мен зорлық-зомбылық 2023 жылдың соңына қарай әлем бойынша ішкі қоныс аударушылар (IDP) санының 75,9 миллионға жетуіне әкелді, бұл жаңа рекорд. Олардың 68,3 миллионы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан, 7,7 миллионы табиғи апат салдарынан үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды. Барлық ІІО-ның жартысына жуығы – 46%-ы Сахараның оңтүстігіндегі Африкада тұрады», - деп айтылған құжатта. Суданда 2023 жылдың соңына таман 9,1 миллион адам босқынға айналған, бұл 2008 жылдан бері бір елдегі рекордтық көрсеткіш, ал 2008 жылы елде алты миллион босқын болды. IDMC мәліметінше, бұл сан 2022 жылғы 16,9 миллион азаматы босқынға айналған Украинадан кейін бір елдегі рекордтық екінші көрсеткіш. Сондай-ақ, баяндамада Газа секторындағы қақтығыстар 2023 жылдың соңғы үш айында 3,4 миллион адамның босқын атанып, бұл үлестің бір жыл ішінде дүниежүзіндегі қақтығыстар салдарынан босқынға айналғандардың жалпы санының 17%-ын құрайтыны анықталды. Соңғы бес жылда қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан ел ішінде қоныс аударған адамдардың саны 22,6 миллионға немесе 49%-ға өсті, бұл екі ең үлкен өсім 2022 және 2023 жылдары орын алды», - деп мәлімдеді IDMC директоры Александра Билак. Мамыр айының басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) дүние жүзінде 281 миллионнан астам мигрант барын, оның ішінде рекордтық үлесті құраған 117 миллионы қақтығыстар, зорлық-зомбылық және табиғи апаттар салдарынан ел ішінде қоныс аударғанын хабарлады.

0 пікір
Мұрағат