Әлем бойынша әрбір 1 сағат сайын 30 жасөспірім ВИЧ жұқтырады
Әлем бойынша әрбір 1 сағат сайын 30 жасөспірім ВИЧ жұқтырады
6 жыл бұрын 3056 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы Ғаламдық қор (Global Fund) күллі әлемде 17.5 миллион адамның АРВ-терапиясынан өтуіне ағдай асады әрі 79.1 миллион адамның ВИЧ-тестен өтуіне көмек көрсеткен. Бұл жайында жуырда жарияланған аталған ұйымның есебінде айтылған. Баяндамада келтірілген мәліметтерге үңілсек, ВИЧ жұқтырғандар қарасы әлі азаймай тұр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға жеткен. Әсіресе, Африка құрлығында 15-24 жас аралығындағы қыз-келіншектер арасында ВИЧ-ке шалдығу көрсеткіші сегіз есе жоғары. Аталмыш қордың қаражатына әлем бойынша 197 млн адамға безгекке қарсы екпе салынған. ВИЧ-пен байланысты өлім-жітімді 40 пайызға кеміткен. Соңғы 17 жыл ішінде. Ең сорақысы, әлемде әрбір сағат сайын 30 жасөспірім ВИЧ жұқтырады екен. Олардың 20-сы қыздар. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ балалар қоры хабарлап отыр. Бұл індетке шалдыққандар арасында жасөспірімдер қарасы өте көп. Олардың үштен екісі - қыздар. 19 жасқа дейінгі 3 млн бала аталған кеселмен өмір сүріп жатыр. Бұған саламатты өмір салтын ұстанбауы, әйел адамға деген дұрыс көзқарастың болмауы, кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, төсек қатынасының мәдениетінің болмауы, т.б. себеп болып отыр. Аталмыш қордың мағлұматы бойынша өткен жылы ЖИТС-тен 19 жасқа дейінгі 130 мың бала көктей солған. 

0 пікір
Мұрағат