Әйелдердің хижабпен жүру құқығын конституциямен қорғауды ұсынды
Әйелдердің хижабпен жүру құқығын конституциямен қорғауды ұсынды
2 жыл бұрын 1323 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 6-ы күні Анкара қаласында өткен Әділет және даму партиясының кезекті құрылтайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әйелдердің шариғат шәлісімен жүру құқығын конституцияда кепілдік беру арқылы қорғауды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Түркия зайырлы мемлекет деп әлем қауымдастығында танылғанымен күллі тарихы мен мәдениеті ислам құндылықтарымен тығыз астасып жатқанын айта кетпекпіз. Осыған байланысты хижаб мәселесі парагдимаға айналған – бұл төңіректегі дау-дамай талай жыл бойы толастаған емес, жақтаушылармен қатар даттаушылар қарасы да көп. Сайлау секілді саяси науқанда қызатын саяси додада ортаға тастайтын тақырыптардың бірі. Түркия президентінің мұндай мәлімдемесіне оппозициялық Республикалық халық партиясы өкілдерінің қоғамдық орындарда әйелдердің шариғат шәлісімен жүруін конституцияда бекіту арқылы шешіп, бұл мәселеге біржола нүкте қоюға болатыны жөніндегі мәлімдемесі түрткі болды. Түркиядағы басты оппозициялық Кемал партиясы - Республикалық халық партиясының (CHP) басшысы Кемал Кылышдароғлы әлеуметтік желідегі парақшасында елді бірлікке шақыратын бейне үндеу жариялады. Ол өз үндеуінде кемалшылардың тарихи қателіктерін, соның ішінде хижабқа тыйым салуға қатысты қателіктерін мойындады. Атап айтқанда, оның жетекшісі Кемал Кылышдароғлы «Орамал заманауи демократияға қауіп төндіреді және қоғамдық тәртіпке, бейбітшілік пен бірлікке зиян келтіреді» деген бұрынғы ұстанымынан бас тартқанын айта кету керек. «Киіну, киім кию, оның ішінде хиджаб мәселесі – адамның табиғи құқығы. Ол заңдармен немесе Конституциямен реттелмеуі керек. Алайда, бүгін күн тәртібінде болғандықтан мен 5735 Конституциялық түзетуді қабылдауды ұсынамын, ол мемлекеттік секторда жұмыс істейтін әйелдердің орамал тағу құқығын қамтамасыз етеді, бұл түзетуге қайшы келетін заңдарды жүзеге асыруға болмайтынын нақты түсіндіремін»,- деді Режеп Тайып Ердоған.

Режеп Тайып Ердоған

Кемалисты отказываются использовать хиджаб в политических целях

Кемал Кылышдароғлы

0 пікір
Мұрағат