Ағылшындар үйлену тойларын киіз үйлерде өткізіп жатыр (ФОТО)
Ағылшындар үйлену тойларын киіз үйлерде өткізіп жатыр (ФОТО)
9 жыл бұрын 4271 ҚазАқпарат

Англияда үйлену тойларын жазда дизайнерлік киіз үйлерде өткізу сәнге айналды, деп жазады Yvision.kz сайты.

«Серіктесім екеуіміз киіз үйлерді жақсы көреміз, себебі олар әдемі, кең және берік етуге өте қолайлы әрі кез келген жерге орнатуға болады. Киіз үй күйеу жігіт пен қалыңдыққа олардың үлкен мерекесінің өзгешелігін таныту еркіндігін береді», - деді «Үйлену тойларындағы киіз үйлер» бизнес-жобасы авторларының бірі, ағылшын азаматшасы Лиззи.

Киіз үйдегі үйлену тойы Ұлыбритания мен Канадада үлкен танымалдылыққа ие болып отыр.

«Қолдан жасалған киіз үйлерді Уэльстегі шеберлер дайындаған. Материал ретінде жергілікті ормандардағы талшын ағашы пайдаланылды», - деп жазады сайт.

Ағылшындық ивент-агенттігінің ең үлкен киіз үйдегі тойы 90 қонаққа лайықталған.

Киіз үйді жалға алу төлемі оның өзгешелігіне байланысты шамамен 3-5 мың ағылшындық фунт стерлинг екені атап өтіледі. 

null

1 пікір
Мұрағат