Африкалықтар бананнан энергия алуды үйренді
Африкалықтар бананнан энергия алуды үйренді
4 жыл бұрын 3061 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Уганда тұрғындары бананның және сиыр қалдығының көмегімен энергия алуды үйренді. Бұл жайында CNBC ақпарат көзі мәлім етті. Green Heat International аталған африкалық ел тұрғындарын биоотынмен қамтамасыз етпек. Мәселен, көмір тозаңы мен банан қабығынан фермерлер брикет (яғни, нығыздалған отын) жасап, сата бастады. Сонымен қатар, органикалық заттардан газ алудың тәсілін тапты. Ол үшін сиыр жапасы мен зәрін және суды қазандықта араластырып, асүйге тікелей газ беру жүйесі арқылы көгілдір отын генерациялайды. Green Heat International компаниясының атқарушы директоры Вианни Тумвезиджи (Vianney Tumwesige) ел тұрғындарының дені ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін елде мұндай тәсілдің берері көп екенін алға тартып отыр. 2016-2017 жылдар есебі бойынша халқының 65 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысатын елде энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін әрі арзанға түсетін, сондай-ақ, қоршаған ортаға зияны аз мұндай тәсіл Африка құрлығында орын тепкен өзге елдерге де үлгі болуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Green Heat International компаниясының жұмысын жіті бақылап, қадағалап отыр. Әлбетте, әр мемлекет, әр азамат өз өміріне, ұрпағының болашағына, әлем алдында жауапкершілікті сезініп, осындай саналы қадамды талап ететін, ресурсты мейлінше үнемдеуге мүмкіндік беретін, қоршаған ортаға залалы аз немесе мүлдем жоқ жобаларға атсалысып жатыр.

0 пікір
Мұрағат