Африкада 5-16 жас аралығындағы 48 бала құлдықтан босатылды
|
Baq.kz порталының BBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, Кот-д'Ивуар елінде еңбек құлдығынан 48 бала босатылды деп хабарлайды. Адам саудасына қатысы бар деген күдікпен 22 азамат қамауға алынған.
Интерпол мен Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның қолдауымен жүргізілген арнайы операцияға барлығы 200-ге жуық тәртіп сақшысы қатысқан.
Құлдықтан босатылған балалардың көпшілігі Буркина-Фасо, Гвинеи және Мали елдерінің азаматтары екені анықталып отыр. Қалғандары Кот-д'Ивуардың солтүстік аумағынан.
5 пен 16 жас аралығындағы балалар егістік алқаптарында тегін жұмыс істеген. Олардың жұмыс күндері бірнеше сағатқа созылып, денсаулықтарына үлкен қауіп төнгені анықталды. Олар осы күнге дейін мектепке барып, білім алмаған.