|
Африка құрлығында қанша адамның аштықтан азап шегіп жатқаны белгілі болды
|
Африка ұүрлығындағы елдерде азық-түлік тапшылығынан 27 млн-дай адам зардап шегеді. Бұл жайында Anadolu Ajansi ақпарат көзі Шығыс Африканың даму мәселелері жөніндегі үкіметаралық орган жариялаған баяндамада келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Африка тұрғындарының аштық азабын тартуына бірнеше себеп айтылған. Солардың ішінде саяси тұрақсыздық пен қарулы қақтығыс, экономикалық дағдарыс, климат өзгерісі, т.б. факторлар бар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, әлемдегі ашыққандар санына шаққанда Африка құрлығындағы ашыққандар шамамен 24%-ды құрап отыр. Бүгінгі таңда. Әсіресе, Эфиопия, Кения, Сомали, Судан, Уганда, Оңтүстік Судан және Жибути тұрғындары Африкадағы өзге елдерге қарағанда аштық азабын қатты тартуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды