Африка құрлығында және араб әлемінде жаңғыртпалы энергия көздері бойынша көш бастаған ел
Африка құрлығында және араб әлемінде жаңғыртпалы энергия көздері бойынша көш бастаған ел
2 ай бұрын 609 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық сауда-саттық басқармасы Мароккода «жаңғыртпалы энергия көздерінің жалпы белгіленген қуаты 4550 МВт-қа жетті, ал бұл көрсеткіш электр стансаларының жалпы белгіленген қуатының 38,2%-н құрайды» деп атап көрсетіпті. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2030 жылға қарай, яғни, айналдырған бес жылда аталған араб елі жаңғыртпалы көздерден электр энергиясының 56%-ын өндіруді көздеп отыр. Бұл мақсатта осынау салаға 3 миллиард доллар инвестиция құймақшы. Марокко аумағында шамамен бір гигаватт энергия өндіре алатын күн панелдері орнатылған және ACWA Saudi Arabia компаниясы жақында тағы да 800 мегаватт (0,8 гигаватт) орнату тендерін жеңіп алды. Мароккоаның Almaden компаниясы қуаты жылына 1 гигаватт өндіруге жететін күн батареясын шығарады. Олардың бір бөлігі экспортқа шығарылады, ал Африка одағында бір-бірімен сауда жасайтын құрлықтағы елдер үшін тарифтер төмен болғандықтан, Марокко Қытаймен бәсекелесе отырып, басқа Африка елдеріне фотоэлектрлік панелдерді экспорттауы мүмкін. Alarabiya агенттігінің мәліметі бойынша Марокко, сондай-ақ, Floatovoltaics жүйелеріне көшеді – бұл арада су қоймаларында жүзетін құрылымдарда орнатылған күн батареялары турасында сөз болып отыр. Бұл тек электр қуатын өндіруге ғана емес, сонымен қатар, ыстық және құрғақ климат жағдайында су қоймаларын буланудан қорғауға мүмкіндік береді. Марокко аумағында панелдерге арналған 400-ден астам қалқымалы платформа орнатылған. Марокко осындай жобаны Жерорта теңізінде орын тепкен Танжер айлағының маңындағы Уед-Рмел бөгетіндегі Сиди-әл-Йамани су қоймасында іске қосты. Марокко су ресурстары министрлігінің дерегінше, панелдер судың булану деңгейін 30% -ға қысқартады. Қазіргі уақытта су қоймасы орташа есеппен күніне 3000 шаршы метр су жоғалтады, ал жазда бұл көрсеткіш екі есеге артып кетеді. Аталмыш жоба аясында аумағы 10 га-ға жететін 22 000 күн панелін орнатылады. Олар 13 мегаватт электр энергиясын өндіретін болады, бұл мөлшер Танжер-Мед айлағын энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Осылайша атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының азайтуға және стратегиялық маңызы зор айлақты шетелдік энергия көздерінен неғұрлым қауіпсіз және тәуелсіз етуге мүмкіндік береді. Панелдер астындағы сумен салқындатылатын болады, ал бұл артықшылық құрлықтағы құрылымдарымен салыстырғанда олардың тиімділігін арттырады. Сондай-ақ, судың булануын күшейтетін желдің әсерін азайту үшін су қоймасының айналасына ағаш отырғызу жоспарлануда. Марокко жеті жыл қатарынан құрғақшылықтан зардап шегіп келеді және климаттың антропогендік өзгеруінен ең көп шығын көрген ел. Соңғы жылы ел күн сайын 600 олимпиадалық бассейнге баламалы су мөлшерін жоғалтқан. 1980 жылдары Мароккода жыл сайын 18 миллиард шаршы метр жауын-шашын жауса, бүгінде бұл көрсеткіш 5 миллиард шаршы метрге дейін төмендеді.

0 пікір
Мұрағат