Африка құлығында биологиялық әр алуандылығы бірегей аймақ табылды
Африка құлығында биологиялық әр алуандылығы бірегей аймақ табылды
8 ай бұрын 618 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығының жер бетінің ешбір аймағында кездесейпін 200-ден аса тірі организмі мекендейтін өзгеше өңірі анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау бірегей биоәралуандылық (SEAMA) Мозамбиктің солтүстігінен Малабидегі Муланже тауына дейін созылған таулы архипелагта жасырылған. Бұл таңғажайып өлкені табу үшін ғалымдар ондаған жылдар табандылықпен зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Әлемнен оқшауланғандықтан бұл өлке тірі организмдерді сырт көзден жасырып, өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырған. Солардың ішінде түрлі қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, көбелектер және тұшшы су шаяндары, сонымен қатар, қатаң эндемикалық, яғни, тек осы аймаққа ғана тән өсімдіктер бар. SEAMA-ның бірегейлігі оның географиялық орналасуымен ғана емес, сондай-ақ, осы бірегей ортаның өзгешелігіне ықпал еткен тау сілемдерінің пайда болуының миллиондаған жылдарға созылған процестерімен байланысты. Африканың оңтүстігіндегі ең үлкен және ең шағын тропикалық орман-тоғайды айрықша мозаикалық ландшафтты толықтыратын осы өлкеден ғана табуға болады немесе кезіктіруге болады. Дегенмен, табиғатта ұқсасы мен теңдесі жоқ бұл өңірге де қауіп төніп тұр. Жойылу қатері. Орман-тоғайдың оталуы, экономикалық мүддені көздейтін жобалар осынау таңғажайып биологиялық әралуандылықтың түбіне жетуі мүмкін. 2000 жылдан бері SEAMA өзінің орман-тоғайы мен жасыл желегінің едәуір бөлігінен айырылып қалды. Осыны ескреген ғалымдар дабыл қағып, бұл аймақты көздің қарашығындай сақтап қалуға талпынуда.

0 пікір
Мұрағат