Адамзаттың қаншасы қара танымайды
Адамзаттың қаншасы қара танымайды
6 жыл бұрын 3008 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы 50 жылда білім беру саласында әлем бойынша бас айналдырар етістіктер орын алды. Соған қарамастан жер шары тұрғындарының едәуір бөлігі жазып-сыза алмайды, яғни, хат танымайды. ЮНЕСКО келтірген мәліметке қарағанда, әлемде 750 млн адам не оқи да, жаза да алмайды. Олардың үштен екісін әйелдер құрап отыр. Сауатсыз адамдардың 45 пайызы Азияның оңтүстігінде, 27 пайызы Африка құрлығында, 10 пайызы шығыс және оңтүстік шығыс Азияда, 9 пайызы Африканың солтүстігі мен Азияның батысында, 4 пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде. ЮНЕСКО-ның статистикалық институтының дерегіне үңілсек, соңғы уақытта сауатсыздық Азияның шығыс-оңтүстігінде, Африканың солтүстігі мен батысында жайылған. Мәселен, Азияның оңтүстігін мекендейтін халықтардың арасында сауаттылық деңгейі 1990-2016 жылдар аралығында 46-дан 72 пайызға өскен, ал Африканың солтүстігі мен батысында 64-тен 81 пайызға артқан. Азияның шығысы мен оңтүстік-шығысында бұл көрсеткіш 82-ден 96 пайызға жеткен, ал Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерде 52-ден 65 пайызға артқан екен. 

0 пікір
Мұрағат