Адамзаттың алтыдан бір бөлігі 1 долларға күн көреді (фото)
|
Рене Байер мен Томас А. Назарионың арнайы фото-жобасында күніне бір долларға немесе одан да кем қаржыға күн көретін адамдардың тыныс-тіршілігі қамтылған. Нақтырақ айтқанда, адамизаттың алтыдан бір бөлігі кедейшілік қамытын киген.
Ана-Мария Тюдор, 4 жаста, Румыния астанасы – Бухарест қаласында тұрады. Әкесіне ота жасалғаннан кейін жұмысқа жарамсыз болып қалған. Оның отбасын мына фотосуреттегі не суы жоқ, не электр қуаты жоқ үйден қуып шығуы мүмкін.
Фати, 8 жаста. Талғажау ететін азық табу үшін қоқыс ақтарады.
Хунупа Бегум, 13 жаста. Низамудин, 10 жаста, Үндістан. Қыз баланың көзі көрмейді, ал ұл бала гидроцефалимен сырқаттанады Әкелері қайтыс болып кеткен. Ал анасы демікпемен ауыратындықтан жұмыс істей алмайды. Тіленшілікпен күн көреді.
Фаи Фанна, 60 жаста, 1988 жылы мина жарылып, аяғынан айырылған. Кемтар болып қалғандықтан жұмыс істей алмайды. Оның әйелі қайтыс болған. 11 баласы бар. Билік оның өз күшімен тұрғызған үйін сүріп тастамақ.
Сангита, 2 жаста, Үндістан. Аштықтан жылап отыр. Кейде оны кедейлерге жалға береді тіленшілікпен айналысуы үшін. Ал оның бес айлық інісі Сангит анасының құшағында ұйықтап жатыр.
Ағайындылар. Камбоджа. 5-12 жастағы бес ағайынды уақытша басапанаға орналастырылды.
Джестина Коко, 25 жаста, қызы Сатта 5 жаста. Джестина – мүмкіндігі шектеулі жан болғанымен елдің кірін жуып күн көреді. Оның отбасы ескі үйдің дәлізінде ұйықтайды.
Альваро Каланча Кисле, 9 жаста, Лама бағады. Оның жүнін сатып күн көреді. Жылына шамамен 200 доллар табыс табады.
Виорика, 31 жаста. Румыния. Бұл отбасы да сілкіп салар сырмағы жоқ кедейшілік қамытын киген. Тіпті, дәрі сатып алуға қаржы таба алмай отыр. Ауруға үнсіз мойынсұнған, сырқаты ұдайы жанына батады. Әрі олардың баспанасы мемлекет меншігіндегі жерге салынғандықтан олардың үйін кез келген сәтте сүріп тастауы мүмкін.
Құрбылар, 70 жаста. Боливия. Олар жиын-теріннен кейін қуанып, билеп жүр. Ауыл шаруашылығы – олардың жалғыз күнкөріс көзі.
Рудра 5 жаста. Сухани 3 жаста. Үндістан. Ағасы мен қарындасы тіленшілікпен күн кқреді. Олардың ағасы мен әпкесі жуырда аштықтан көз жұмды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
■
Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді
■
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
■
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
■
Әлемдегі еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға жетті