Адамзатқа қауіпсіз кәсіпорындар саны артып келеді
Адамзатқа қауіпсіз кәсіпорындар саны артып келеді
3 жыл бұрын 1807 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі ел аумағындағы адамзат пен табиғатқа зияны жоқ, яғни, атмосфераға көміртек газын бөлмейтін кәсіпорындар санын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде kMatrix талдау агенттігінің келтірген дерегіне жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы мәліметке қарағанда, Ұлыбританияның жасыл экономика секторының мөлшері дәстүрлі өнеркәсіптен төрт есеге артып, ел экономикасына 205,7 млрд фунт стерлинг (285,12 млрд доллар) табыс әкелген. Ал аталған елдің күллі өнеркәсібінің табысы 55,6 млрд фунтқа (77,07 млрд долларға) бағаланып отыр, құрылыс саласы – 132,9 млрд фунтқа (184,21 млн доллар). Сарапшылардың боламы бойынша таяу жылдары бизнестегі экологиялық бастамалар мен жобалар қарасы күрт артады. Ұлыбританияда шамамен 75 мың жасыл кәсіпорын (жел трубиндерінен бастап қоқыс өңдейтін компанияларға дейін) жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда ұзын саны 1,2 млн адам жұмыс істейді. kMatrix сарапшыларының айтуынша, көміртекті аз бөлетін экономика секторы тек климат өзгерісімен тиімді күресуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экологиялық жағынан таза көліктер, ауаның ластану деңгейін төмендету, т.б. есебінен ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек. Ұлыбританиядағы көміртекті аз бөлетін экономика секторы 2018-2019 және 2019/2020 жылдар аралығында 7,4 пайызға артып, 2019/2020және 2021 жылдары он пайызға кеміген. Пандемияға байланысты. Британияның экологиялық аудит жөніндегі комитеті жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес ел билігі дәстүрлі бизнеске, яғни, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға қолдау көрсету, дамытуға қыруар шығын кетеді екен жасыл экономикаға қарағанда. Осылайша Еуропадағы аталған ел жаһандық жылынуға нақты үлес қосып, жердің биологиялық әр алуандылығының сақталуына, экологияның жақсаруына ықпал етіп келеді.

0 пікір
Мұрағат