Адамзат өзіне залал келтіретін салаларға жыл сайын 7 трлн доллардай қаржы бөледі
Адамзат өзіне залал келтіретін салаларға жыл сайын 7 трлн доллардай қаржы бөледі
1 жыл бұрын 831 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын 7 триллион долларға жуық қаражат мемлекеттік және жекеменшік сектор тарапынан қоршаған ортаға теріс әсер ететін және климаттың өзгеруіне ықпал ететін іс-шараларға жұмсалады. Бұл көрсеткіш экологиялық жағынан тиімді жобаларға салынған сомадан шамамен 30 есе көп. Біріккен Ұлттар Ұйымы Дубай қаласында өткен климаттық конференцияда осындай жаға ұстатарлық деректі жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (ЮНЕП) баяндамасында келтірілген сәліметке сәйкес адамзаттың ең қымбат ресурстарына нұқсан келтіретін секторларды қаржыландыруды қысқартуға шақырған үндеулерге қарамастан, мұншалықты қаражат немесе инвестиция қазіргі уақытта жаһандық жалпы ішкі өнімнің 7 пайызын құрайды. Дәлірегі, өткен жылы жасыл экономикаға күллі әлем бойынша бөлінген қаражат 200 млрд долларға да жетпейтін болып шықты. Қоршаған ортаға зиян келтіретін 5 миллиард доллар мөлшеріндегі қаражат жекеменшік сектордан бөлінеді, бұл көрсеткіш жасыл экономикаға «құйылатын» жекеменшік инвестиция мөлшерінен 140 есе көп. «Зиянды» инвестициялардың жартысына жуығы 5 салаға тиесілі: құрылыс, электр энергетикасы, жылжымайтын мүлік, мұнай және газ, сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі мен темекі.

0 пікір
Мұрағат