Адамзат өз көрін қазуға жыл сайын 1,8 трлн доллар жұмсайды
Адамзат өз көрін қазуға жыл сайын 1,8 трлн доллар жұмсайды
3 жыл бұрын 1905 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем елдері климат пен жабайы табиғатқа зиянды бизнеске мемлекеттік тұрғыдан қаржылай қолдау көрсету үшін жыл сайын 1,8 трлн доллар, яғни, әлемдік жалпы ішкі өнімнің  2%-ын бөледі. Әлбетте, әлем елдері бұл қаржы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездетеді деп сенеді, ал шын мәнінде бұл қаржы адамзаттың өзіне қарсы, яғни, тезірек жойылуына жұмсалып жатқанын ескермейді. Бұл жайында islam.kz порталы The B Team табиғат қорғау ұйымы мен Business for Nature коалициясының есебінде келтірілген деректерге (businessfornature.org сайтына) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экологиялық зияннды субсидия (EHS) — төтенше климат дағдарысын тудыруға, табиғи ресурстардың таусылуына, ғаламдық экологиялық жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына алып келетін өндіріс пен тұтынуды көтермелейтін мемлекеттік бағдарлама. Мұндай субсидиялар түрлі жолмен беріледі: несие, салықтық жеңілдік, нормативтік жолмен, т.б. EHS негізінен ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс, пайдалы қазбаларды өндіру, балық шаруашылығы, көлік және сумен қамтамасыз ету салаларында кеңінен тараған. Мәселен, Амазонияда сиыр етінің өндірісіне салықтық жеңілдік қарастыру немесе Таяу шығыста жерасты суын айдауға қаржы құю, т.б. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, субсидияның едәуір бөлігі жаһандық жылынуға бірден-бір себеп болып отырған мұнай, газ, көмір өндісіріне (620 млр доллар жылына), ауыл шаруашылық сеторына (520 млрд доллар), сумен қамтамасыз ету (320 млрд доллар), орман шаруашылығын игеруге (115 млрд доллар) кетеді. Сарапшылар бұл қаражат төмендетіліп көрсетілген деп отыр, шындығында бұдан да көп бөлінетінін алға тартып отыр. Экологтар субсидияны экологиялық салаларға бөлсе жыл сайын әлем 711 млрд доллар үнемдей алар еді әрі әлем экономикасы бұдан зардап шеге қоймас еді. Сарапшылар EHS-ті жоюды немесе экологиялық жағынан тиімді бизнес салаларына бағыттауды, жаңғыртпалы энегрия көздерімен жұмыс істейтін жобаларды ынталандыруға жұмсауды ұсынып отыр. .

0 пікір
Мұрағат